Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде қан тапсыру шарасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 22.05.2021 3413 0 пікір
«Халифа Алтай» мешітінде қан тапсыру шарасы өтті

ШҚО «Халифа Алтай» мешіті «Шығыс Қазақстан облыстық қан оралығымен» бірлесіп қан тапсыру іс-шарасын өткізді.

Қан тапсыру кезінде карантин талаптары қатаң сақталды. «Өмір сыйлайық» деген ұранмен өткен бұл акцияға мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат қатысып, қан тапсырды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Адам өмірін құтқарып қалу – теңдессіз іс, сондықтан мешітте өткізілген игі шара нәтижесі талай адамның жанына араша болары сөзсіз» дей келе, іс-шараның маңызы жайлы айтты.

«Қан орталығы» мамандары игі бастамасы үшін мешіт басшылығына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру