Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей имамдары 12144 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 21.05.2021 3333 0 пікір
Семей имамдары 12144 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан ай бойы Семей өңірі имамдары отыз күн тынбай қызмет етіп, пітір садақадан және демеушілерден түскен қаражатты 12144  мұқтаж отбасыға арналған көмекке жаратты.

Аз қамтылған отбасыларға ақшалай және азық түлік, ауызашар себеттерін,  киім-кешек таратылса, жалпы соммасы 52 090 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.

Айта кетсек, «Рамазан берекеті», «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», «Рамазан керуені» т.с.с қайырымдылық акцияларын өткізіп азық-түліктер таратылса, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша бір мұқтаж отбасыға пәтер беріліп, «Қолдан қолға» жобасы бойынша мұқтаж отбасыларға ақшалай зекет таратылды. 

«Қайырымды жұма» акциясы аясында жұма күні Семей қаласының он шақты автобусы жолаушыларды бір күн бойы тегін тасыса, карантиндік жағдай болғандықтан мешіттерде «Ауызашар қоржыны» акциясы аясында ауызашарлар дайындалып, ораза ұстаушыларға жеткізілді.

«Қасиетті айт күндері айттың құрметіне «Балаларға базарлық» акциясы аясында мешіттер жанында балаларға тәттілер таратылды. Рамазан айында қайырымдылыққа ат салысқан барша ағайындарға Алла разы болсын» деді Семей аймағының бас имам Асқар Әбітайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру