Павлодар облысы, Май ауданының орталық кітапханасында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлының ұйымдастыруымен 2021 жылы атқарылатын ҚМДБ-ның алға қойған 7 түрлі бағыт-жоспарларын талқылау мақсатында арнайы кеңес өткізді.
Кеңеске Көктөбе, Баскөл, Жұмыскер, Қаратерек, Кеңтүбек, Саты қатарлы ауыл мешіті имамдары және аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Кеңесте мұсылман адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, яғни «Ихсан» ілімі жайында, ақпарат және қоғаммен байланыс тақырыбында әңгіме өрбіткен Жолдас Қоспақұлы әрдайым жамағатқа үгіт-насихат айту, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолымен жүруді өмірлік ұстанымына айналдыратын жастардың қатарын көбейту, сондай-ақ әр намаз уақыттарында мешіттерде қысқа да нұсқа уағыздарды жиі-жиі айтып тұруды ауыл имамдарына тапсырды.
Бұдан бөлек, кеңес барысында зекет беру, қайырымдылық шаралары туралы да тілге тиек етілді. Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медіресе-колледж арқылы ілім-білімге жаны құштар жас ұрпақты қолдап, болашақта үлкен ғалым болып жетілуіне жан-жақты жағдай жасай білуімз керек деген пікірін білдірді.
Сонымен қатар, асыл дініміздің жолына тосқауыл болатын жат ағымдармен күрест, одан сайын күшейту мәселесі де сөз болды.
Жиналыс қортындысы ретінде имамдардың қызметтік әдебі, киім киісі, жүріс-тұрысы, жамағат алдында сөйлеу этикасы да басты назарда болатындығы ескертілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
21.05.2021
3073
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру