Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Халал стандартына сұраныс мол

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.05.2021 2646 0 пікір
Қостанай: Халал стандартына сұраныс мол

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлин атындағы ауданда болып, бірқатар іс-шараларға қатысты.

Соңғы кездері өңірде халал стандарты сертификатын алуға тілек білдірушілер қатары арта түсуде. Осыған орай Бахытбек Тәжімбет ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Қостанай облысындағы өкілі Әлішер Балахметпен бірге Бейімбет Майлин ауданындағы «Адал ұн» диірменінің ұжымымен жүздесті.

Мекеменің маңызды құжатқа лайықтылығы белгіленген тәртіп бойынша тексеріле бастады. «Адал ұн» сараптамадан толық өтсе, «Халал Даму» мекемесінің сертификатына ие болады.

Сондай-ақ бас имам мен «Халал Даму» өкілі аудандағы алғаш болып ашылған халал стандартына сай ет сататын мекемеде болып, сауда орнында тыныс-тіршілігімен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру