18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Бас имам және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы мұражай директоры Сұлтанбек Жанболатұлымен арнайы кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Ә.Ізімбайұлы Ислам дінінің тарихқа, мәдениетке деген көзқарасы жайлы айта келе:
«Мұражай – халық қазынасын сақтап қана қоймай, насихаттап, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет ететіні ақиқат. Осы тұрғыдан дін де мәдениет пен өнерге көп көңіл бөліп, тәрбие құралы болып табылады» деп, ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің атынан мұражайға көне Құран кітабы мен жаңа басылып шыққан Құран кітабын сыйға тартты.
Кездесу соңында Сұлтанбек Жанболатұлы қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
19.05.2021
3682
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру