ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторының Қызылорда облысындағы өкілдігі қайырымдылық керуеніне үлес қосты.
Нақтырақ айтқанда, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінде 100 отбасыға, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде 60 жанұяға және «Мүсірәлі ата» мешітінде 30 мұқтаж жанұяға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік салынған қоржындар үлестірілді.
Қайырымдылық іс-шаралары мешіт имамдары мен белсенді жастардан құралған ерікті жамағаттың ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
19.05.2021
3197
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру