Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаждарға азық-түлік таратылды.
Отыз күн ораза ұстап, ас-судан ғана емес, нәпсіден тыйылған жандарға айттық үлестірілді.
«Ораза айт мерекесінің құрметіне 30 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылса, 80 жанға айттық пакеттері берілді. Айттық алғандардың қатарында құрылыс нысандарында кірпіш қалап, балшық құйып, тер төгіп жүрген қарапайым жұмысшылар да бар» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
16.05.2021
2904
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру