Ораза айт мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы осы мешітте қызмет атқарып жүрген дін қызметкерлерін марапаттады.
«Рамазан айында қайрымдылық шараларына және ұйымдастыру жұмыстарына ерекше ат салысқан және жамағатқа өнегелі қызмет көрсетіп жүрген «Мұса баба» мешітінің екі қызметкеріне 100 000 теңгеден қайырымдылық жасап отырмыз» деді Зауатбек Сайлауұлы.
Бас имам сонымен қатар имамдарды тұрақты қолдау, ынталандыру қазіргідей карантин кезінде маңызды екендігін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.05.2021
2830
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру