Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы студенттерінің Құран жарысы қорытындыланды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 14.05.2021 2767 0 пікір
Алматы студенттерінің Құран жарысы қорытындыланды

Қасиетті Рамазан айында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттеріне арналған Құран қариларының жарысы мәресіне жетті.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұйымдастырған Құранды жатқа оқу додасында өзге де оқу орындарының, яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Тұран» университеті, «Сулейман Демирел университеті», Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері өзара бақ сынады.

Құран жаттаудың 4 деңгейі бойынша жүйріктерді анықтау 2 кезеңде өтті. Онлайн форматта 73 үміткер арасынан 18 студент ақтық сында бақ сынады. Жүзден жүйрік шыққан тұлпарларды саралау офлайн түрде өтіп, университеттің хафиз, ғалым ұстаздарынан құралған қазылар алқасына белгілі Құран хафизі, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай жетекшілік жасады.

Нәтижесінде 12 жеңімпаз да Нұр-Мүбарак университетінің студенттері , бас жүлдегер Абдіғамид Али жарты млн. теңгені қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен ақтық сынға қатысушыларға сертификат беріліп, қаржылай, сый-сыяпат жасалды.

Жеңімпаздарды ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырза өзі арнайы құттықтап, сондай-ақ ғалым ұстаздармен естелік суретке түсті. Ұйымдастыру комитеті Исламтану кафедрасының өкілдерінің айтуынша, студенттер арасындағы Құран жарысы болашақта жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру