Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МҮФТИІ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 14.05.2021 2946 0 пікір
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МҮФТИІ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресей мүфтилер Кеңесінің және РФ мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Равиль Ғайнутдин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтады.

«Сізді және Қазақстандағы барша мұсылман бауырымды өзімнің және Ресей мүфтилер Кеңесі, РФ мұсылмандары діни басқармасының атынан қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және ұлық мереке Ораза айтпен құттықтаймын.

Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, Қазақстан халқына бейбіт өмір мен жақсылық тілеймін. Алла Тағала Рамазандағы құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл алып, күнә-қателіктерімізді кеңшілік, мейірімімен жарылқасын! Келесі Рамазанға аман-есен жеткізгей деп дұға етемін!» делінген құттықтау жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру