Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛБАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

elbasy.kz 13.05.2021 908 0 пікір
ЕЛБАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елін Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

«Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Айт қабыл болсын!» делінген құттықтауда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі