Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 12.05.2021 548 0 пікір
СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде өңірдегі ер және әйел шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

Аталмыш жарысқа бас-аяғы 48 адам қатысты. Жарысқа қатысушы шәкірттер Құранның жарты парасы, «Духа», мен «Нас» сүрелерін жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан шын мықтыны анықтады. Сайыстың ашылу салтанатына облыстың бас имамы Кенжетай Байкемелұлы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа демеушілік көрсеткен жандарға өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, мешіт жанынан ашылған «Әжелер мектебінің» төрайымы Сәлима қажы шашу шашып, шәкірттерге қолдау көрсетті.

Сонымен жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында «жарты пара»номинациясы бойынша бірінші орынды Еркебұлан Әлімжан жеңіпалды. Ал «Духа мен Нас» аталымында Бәйімбет Құбайдолла жүзден жүйрік шықса, мәнерлеп оқудан Исмаил Шайхиден үздік атанды.

Қыздар арасында «Жарты пара» номинациясында бірінші орыннан Гүлдәурен Аманова көрінсе, «Духа мен Нас» аталымында Анар Шоқановаға тең келер ешкім болмады. Ал мәнерлеп оқудан Аубакирова Базаргүл жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйлық табысталды.

Айтакетейік, сайыстың соңы «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Мухаммадсолих Мирзаев оқыған Құран хатым дұғасымен аяқталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі