Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Ихсан ілімі түсіндірілді

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 12.05.2021 2059 0 пікір
Қостанай: Ихсан ілімі түсіндірілді

Жақында Әулиекөл ауданындағы дін мәселесі жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері осы аудандағы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қазбек Оразбаев пен «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан Сыздықов Құсмұрын кентінде болды. Олар мұнда екі мектептің оқушылары және кент әкімдігінің аппаратымен кездесті.

Жүздесуде бас имам жиналғандарға Ислам, Ихсан және Иман – тақырыбы аясында дініміздегі әдептілік пен ата-ананы, үлкенді сыйлау туралы айтып өтті. Сондай-ақ, бұл дін кімді болсын адамгершілікке, кішіпейілдікке, парасаттылыққа, мейірімділікке шақыратынына да ерекше тоқталды.

Дін қайраткері өз тарапынан алдағы уақытта білім ордаларымен осындай берері мол кездесулер өткізуге, оларды толғандырып жүрген маңызды сауалдарға нақты жауап беруге айрықша назар аударатындығын жеткізді.

Бұдан кейін ақпараттық-түсіндіру тобы кенттегі «Хақ» мешітінің жамағатымен жүздесіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы әңгімеледі. Намазхандардың көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарына жауап берді.

Топ мүшелері ауданда діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында нақты жұмыстар атқарыла беретіндігін де тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру