Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Абай ауданының мешіттері 150 отбасыға жәрдемдесті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.05.2021 2459 0 пікір
Шымкент: Абай ауданының мешіттері 150 отбасыға жәрдемдесті

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде де ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» қайырымдылық шаралары үзілген жоқ.

Осы игі бастамаға қолдау ретінде Шымкент қаласы, Абай ауданының «Қождан ата» және «Масжидур Рохман» мешіттерінде 150 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Қождан ата» мешітінің имамы Ақтөре Тұрапбай мұқтаж жандарға насихат айтып, жомарт жандарға алғысын білдіре келе, 100 отбасыға азық-түлік таратты.  

«Масжидур Рохман» мешітінің имамы Анарғали Керімбеков те мұқтаж отбасыларға ізгі тілегі мен қолы ашық азаматтарға лебізін білдіріп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Мұсылмандардың ұлық мерекесімен құттықтап, көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржынын» үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру