Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің дін қызметкерлері ізгі бастаманы жүзеге асырды. Қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкер ағалардың демеушілігімен Ақтау қаласындағы мұқтаж жандардың (жалғызбасты аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, қариялардың т.б.) дүкендердегі қарызы жабылды.
«Дүкендердегі қарызын өтей алмай жатқан жағдайы төмен жекелеген адамдар мен отбасыларға көмек ретінде осындай игі іс-шараны өткіздік. Сауапты амалға атсалысып, қол үшін берген ағаларымызға алғыс айтамыз. Бұл бастаманы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Түркістан облысының дін қызметкерлеріне және өнер жолындағы аға-бауырларымызға жолдаймыз» деді облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Асқар Ахлиддин.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
08.05.2021
2932
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру