Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қордай ауданының әкімі 200 адамға ауызашар берді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 05.05.2021 3191 0 пікір
Жамбыл: Қордай ауданының әкімі 200 адамға ауызашар берді

Жамбыл облысы, Қордай ауданының әкімі Рүстем Рысбайұлы аудандық мешітте екі күн бойы 200 адамға ауызашар берді. 

Ыстық тамақ, тәтті, сусын, құрмасы бар ауызашар қоржындарын дін мамандары халыққа таратып беріп, ораза айымен құттықтады. 

«Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады» дейді Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Осындай игі істе бастамашы болған аудан әкіміне тұрғындар алғыстарын жеткізді. 

Іс-шарада ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы халықпен жүздесіп, ауызашар қоржындарын өзі табыстап, ауыз бекіткен жандарға жылы лебізін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру