Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Аудан имамы Теңіз кенішіне барды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 05.05.2021 2969 0 пікір
Атырау: Аудан имамы Теңіз кенішіне барды

Атырау облысы, Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Теңіз кенішіне жұмыс бабымен барды.

Карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, «ССС» компаниясы ұжымымен өткен кездесу барысында имам Жасұлан Қағазғалиев Рамазан айының қадір-қасиеті, бейбітшілік, бірлік тақырыбында уағыз айтты.

«Ислам – бейбітшіліктің, ізгіліктің діні. Ислам қашан да дінді ұстанушыларды жақсылыққа, жақсы адам болуға үндейді. Қасиетті Құран түскен Рамазан айы рухани тазаруға, кемелденуге, ізгі адам болуға ұмтылуға жақсы мүмкіндік. Осы айда сауап жинауға, өзгеруге тырысуымыз керек. Және Рамазан айында алған сабағымызды, оң тәжірибемізді қашан да дамытып отыруға мән беруіміз қажет. Кемел адам болуға ұмтылу, іздену шарт» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру