Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жерлеу рәсіміне қатысты жиын өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 05.05.2021 2860 0 пікір
БҚО: Жерлеу рәсіміне қатысты жиын өтті

БҚО Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Тілек Нұралиевтің  төрағалығымен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында алқалы жиын өтті.

Жиынға Казталов ауданына қарасты мешіт имамдары, Жалпақтал мешітінің алқа мүшелері, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нағым Ризуанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абишова, Жалпақтал ауылдық округі әкімі Алия Жақсыбаева, зиялы қауым өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

«Жаназа және жерлеу мәселелері – көп сауал тудыратын күрделі де ауқымды тақырыптардың бірі. Жаназа намазы – пенденің дүниедегі һәм өзгелердегі соңғы ақысы. Қайтыс болған адамды арулап жерлеп, ақтық сапарға шығарып салу – мұсылманның міндеті. Жерлеу рәсімі ауданымызда жалпыға бірдей орындалғанымен, кейбір ауылдарда ерекшеліктер кездесіп тұрады, қабірді мәйітті қоятын ішкі үйімен- лақатымен қазады. Алайда кейбір ауылдарда жер қыртысының жайына қарай қабірді тік жарма етіп те қазып, лақатын ағашпен жауып жатады. Біздің мақсатымыз діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама- қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру, халыққа бірдей бірыңғай үкімдерін жеткізу» деді Тілек Ахмеджанұлы.

Жиын соңында ауылдық мешіттің имамдарына, қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі бекіткен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру