Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Балалар үйіне жылу сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.05.2021 2472 0 пікір
ШҚО: Балалар үйіне жылу сыйлады

Қайырымдылық жасау – Діни басқарманың басым бағытының бірі. Маңызды міндеттері қатарына жатады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларын кеңінен өрістетуді тапсырған болатын.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мешіті қаладағы Балалар үйіне қайырымдылық жасады. Мешіт тарапынан балаларға Рамазан сыйы ретінде дастарқан жайылып, ас берілді.

«Дінімізде жетім балаларды қуанту, оларға қамқорлық жасау аса сауапты іс делінген. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады» деп атап өтті Шемонаиха аудандық мешітінің бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы.

Сондай-ақ бас имам балаларға рухани тәрбие жайлы тағылым айтты. Өз кезегінде Балалар үйінің басшылығы аудандық мешітке алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру