Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Күршім имамдары дүкен иелеріне үндеу жасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 03.05.2021 2632 0 пікір
ШҚО: Күршім имамдары дүкен иелеріне үндеу жасады

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы бастаған аудандық мешіттің имамдары елге үндеу тастады.

Бұл жөнінде Күршім аудандық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы:

«Қасиетті Рамазан айында тұрғындарға, дүкен иелеріне арақ-шарап сатпау жөнінде үндеу жасап отырмыз. Қоғамдағы барлық келеңсіздік пен қылмыс қайшылық арақтан бастау алады десек, артық айтқандық емес. Сондықтан қасиетті оразада арақ сатпай, оны тұтынбай имандылыққа бет бұру, жастарға өнеге көрсету аса маңызды» деп атап өтті.

Күршім имамдары аудан көлеміндегі дүкендерді аралап Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы ұсыныстарын білдірді. Аудан имамының ұсынысын кәсіпкерлерде қолдап, арақ шарап саудаламауға уағдаласты.

Бұл игі бастаманы Өскемен өңірінің басқа да аудандарында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру