Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртауда 100 адамға ауызашар қоржыны үлестірілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 03.05.2021 2512 0 пікір
Теміртауда 100 адамға ауызашар қоржыны үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті 100 адамға ауызашар қоржынын үлестіріп берді.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен, сондай-ақ «Sauap» орталығының еріктілерінің қолдауымен жүзеге асқан іс-шара «Рамазан шуағы» акциясы аясында ұйымдастырылды. Әр қоржын ішіне қасиетті құрмадан бөлек, бір реттік ауыз ашарға жеткілікті арнайы тамақ порциясы және сусын салынды.

Жергілікті дін қызметкерлері және еріктілер бұл қоржындарды мүбәрак айда ораза ұстаған жандарға таратып берді.

«Еліміздегі індеттің өршуіне байланысты, дәстүрлі түрде ауызашар бере алмаймыз. Осыған байланысты, бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының «Ауызашар қоржындары» атты бастамасын қолдай отырып, ауыз бекіткен адамдарға арнайы қоржындар таратуды жөн көрдік. Сауапты іске атсалысып жатқан барша азаматтарға, еріктілерге Алла разы болсын! Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын», деді Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру