Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылының 2003 жылғы мектеп түлектері қасиетті Рамазан айы қарсаңында сауапты іске үлес қосты.
1986 жылы дүниеге келген басшиліктер ортадан қаржы жинап, 400 мың теңгеге қайырымдылық жасады. Жиналған қаржыға азық-түлік алып, Басши, Нұрым, Аралтөбе ауылында тұратын тұрмысы төмен 17 отбасыға ауызашар қоржынын таратты. Сондай-ақ басқа да тұрмысқа қажетті заттар қоса берілді.
Басши ауылдық мешітінің бас имамы Айдын Смағұлов қасиетті айда игілікті іске дәнекер азаматтарға алғыс айтып, Алла Тағаладан отбасына амандық, қызметтеріне береке тіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Әбу Назар
01.05.2021
3328
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру