Еліміздегі барлық мешіттерде жүзеге асып жатқан «Ауызашар қоржыны» «әл-Машани» мешітінде де арасы үзілмей өткізіліп келеді. Бұл жолы ауыз бекіткен 250 студентке Рамазанның тартуы үлестірілді.
Игі шараға «әл-Машани» мешітінің имамы Жанболат Қошкелдіұлы арнайы қатысып, болашақ мамандарға ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айымен құттықтады.
Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халидәл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», – деген.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.05.2021
3147
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру