ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» бастамасымен «Тайқазан» жобасының аясында қасиетті Рамазан айының бірінші жартысында 1000 отбасыға 20 тонна азық-түлік өнімдерінің қайырымдылығын жасады.
Бұл аса сауапты іс туралы: «Аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында, оларға қасиетті Рамазан айында «Берекелі Рамазан» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отырмыз. Дінімізде қасиетті Рамазан айында мұқтаждарға көмек көрсету, аса сауапты амал делінген» деп атап өтті, Өскемен аймағы «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілі Берік Кәдірұлы. Ол сонымен қатар осынау ұланасыр істі ұйымдастыруға қол ұшын берген кәсіпкерлерге шынайы ниетімен алғыс білдірді.
Бұл акцияға өңірге қарасты аудандармен ауылдық мешіттер ерекше ықыласпен ат салысты. Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға азық-түлік қораптарын таратуға жергілікті ерікті жастар, дін қызметкерлерімен шәкірттер белсенді қатысты.
Көмекке ие болған отбасылар «Зекет және қайырымдылық қорына» алғыстарын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
30.04.2021
2796
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру