Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Он бес күнде 6702 «Ауызашар қоржыны» таратылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 30.04.2021 2701 0 пікір
Қарағанды: Он бес күнде 6702 «Ауызашар қоржыны» таратылды

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысында да өңір тұрғындарына, мұқтаж отбасыларға күнделікті «Ауызашар қоржыны»  таратылып келеді.

Берекелі айдың алғашқы он бес күнінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жалпы облыс бойынша бірнеше мекемелер мен отбасыларға қайырымдылық шаралары жасалды.

Атап айтқанда, Қарағанды облысына қарасты мешіттердің жүзеге асыруымен 4427 адамға ауызашар үлестірілсе, мешіт жанынан ашылған қайырымдылық қорлары арқылы 2275 ауызашар берілді. Үлестірілген ауызашар санының жалпы мөлшері – 6702 қоржын. Сондай-ақ, облысқа қарасты барлық қала, аудан бойынша 7185 отбасыға азық-түлік түлестірілді.

«Рахым айының әр күні іске асып жатқан «Ауызашар қоржыны» ЖОО жатақханаларындағы студенттерге, аз қамтылған отбасыларға, медицина қызметкерлеріне, жетімдер үйіне, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға және мүгедек жандарға үлестірілді. Игі шара Рамазан айының соңына дейін жалғасады» дейді Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру