ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан облысының бірқатар аудандарына жаңадан имамдар тағайындалды.
Атап айтқанда, жаңадан құрылған Сауран ауданына Талғат Ілесбекұлы тағайындалды. Ол мұнда Ақтөбе қаласынан ауысып келді.
Төлеби ауданының да имамы ауысты. Бұл қызметке Үсен Сауырбаев лайық деп танылды. Бұған дейін аудан имамы болған Самат Анарбаев Түркістан облыстық мешітінің наиб имамы қызметіне кірісті.
Жаңа кадрларды екі ауданның жамағатына облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы таныстырды. ҚМДБ тарапынан талаптар күшейтіліп, үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын мәлімдеп, әріптестеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Шардара қалалық «Әбу Мансұр әл-Матруди» мешітінің бас имамы болып Тілләбай Әбдіжаппар тағайындалды. Қаланың бұрынғы имамы Ернар Өмірбеков Түркістандағы «Хазіреті Әбу Бәкір» мешітіне жаңа қызметке ауысты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
30.04.2021
3820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру