Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЖЕЛЕР ӨНЕГЕСІ» МЕКТЕБІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 29.04.2021 570 0 пікір
«ӘЖЕЛЕР ӨНЕГЕСІ» МЕКТЕБІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай тағы бір қайырымдылық шарасы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Бекет Гүлсара апамыздан дәріс алатын шәкірт апалардың атынан құрылған «Әжелер өнегесі» мектебі бүгін 60 мұқтаж отбасыға (300 000 теңге көлемінде) азық-түлік сөмкелерін таратты.

Сондай-ақ топ мүшелерінің ұйытқы болуымен шара барысында 32 жанға су жаңа киімдер тарту етілді. Қасиетті Рамазан айын мейлінше мейірімге толтырып, сауапқа толы өткізуге тырысқан әжелер мектебі бұға қоса 70 000 теңге қаражат науқас жандардың ем-домына аударғанын айтады.

Топ жетекшісі Бекет Гүлсара апамыз жиылған жамағатқа қасиетті Рамазан қайырымдылық айы екенін жеткізіп, бүгінгі шараның маңызын ашықтай түсті. «Әжелер өнегесі» мектебінің мүшелеріне өз алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі