Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Көпбалалы отбасы үйінің құрылысы жалғасады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.04.2021 2490 0 пікір
Маңғыстау: Көпбалалы отбасы үйінің құрылысы жалғасады

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен тағы бір игі шара қолға алынуда. Мешіт қызметкерлері жамағаттың қолдауымен көпбалалы Дүйсенғалиевтар отбасына жаңа үй тұрғызуға көмектеспек.

Карантиндік шектеулерге қарамастан, 2020 жылы үйсіз отбасы мешітке келіп, Мұнайлы ауданының Алау тұрғын-үй массивінде жер телімі бар екенін, бірақ үй тұрғызуға қолдағы азғантай қаражаты жетпейтінін айтып көмек сұраған болатын. Имамдар 5 бала өсіріп, жеке үйі болмағандықтан, пәтер жалдап күн кешіп жүрген отбасының жанайғайын жамағатқа жеткізіп, жиналған қаражатпен 2020 жылдың қыркүйек айында үйдің құрылысын бастап кеткен еді. Қолдағы қаражатқа үйдің қабырғасы көтеріліп, төбесі жабылып, құрылыс жұмыстарының 40 пайызы жасалды. Өңірдегі карантинге және қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты бүгінде үйдің құрылысы тоқтап тұр.

«Көктем келіп, күн жылына бастады. Енді құрылыс жұмыстарын жалғастырып, көпбалалы отбасының осы жазда үйлі болуына көмектескіміз келеді. Сол үшін жамағаттан тағы да көмек қолын созып, қолдауын сұраймыз. Асыл дініміз әлсізді демеп, сырқатқа шипа беріп, панасызға сая болуға үндейді. «Көп түкірсе – көл» демекші, бір мұсылманның баласы ретінде бірге болуға шақырамын» деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің наиб имамы Айдос Муталиев.

4 бөлмелі жаңа үйде отбасына ыңғайлы жағдайдың бәрі қарастырылған. Ас бөлмесі, жуынатын бөлме, балалар мен қонақтарға арналған зал да бар. 5 баланың ата-анасы сәбилерінің жылы да жарық мекенде өсіп, елдің азаматтары болып шыққанын армандайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру