Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 30 отбасыға ауызашар қоржыны үлестірілді

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.04.2021 2467 0 пікір
Қостанай: 30 отбасыға ауызашар қоржыны үлестірілді

Қостанай облысы Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айы кезінде қайырымдылық шарасын жүзеге асыруда. Бас имам Ерлан Тілегенов дін қызметкерлерін ортақ мақсатқа жұмылдыруда.

Жуырда мешіт қызметкерлерінің атсалысуымен «Рамазан шуағы» деп аталатын қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 30 отбасыға азық-түлік салынған ауызашар қоржыны үлестірілді.

Олардың қатарында көпбалалы және жалғызбасты аналар бар. Сондай-ақ аудандағы әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж отбасылар да қамтылды. Қамқорлыққа бөленген кісілер мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру