ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті айда «Рамазан жастары» онлайн марафонын жариялады. Іс-шара аясында еліміздің әр өңірінде дін саласында қызмет атқарып жүрген жас дін қызметкерлерімен тікелей желіде сұхбат ұйымастыру жоспарланып отыр.
«Қасиетті Рамазан айында онлайн марафон ұйымдастырып отырмыз. Жастардың береке-бірлігін арттыру, тәжірибе алмасу, уағыз-насихат шарасын ерекше формата жасау бағытында осы шара іске асуда» деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин. Іс-шараға Тараз, Қызылорда, Семейден және «Халал даму» орталығынан имамдар қатысып отыр.
Онлайн марафонға жастар ерекше ықыласпен қатысуда. Марафон барысында жас дін қызметкерлеріне сауалдар қойылып, ой-пікірлерін өрбітеді. Марафон жүйелі жалғасады деп жоспарлануда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
29.04.2021
2818
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру