Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан іріктеу сайысы басталды.
Қазіргі пандемиялық жағдайларға байланысты онлайн форматта өтіп жатқан бәйгеге 73 үміткер қатысуда. Барлығы 4 түрлі номинация бойынша қатысып жатқан үміткерлердің басым бөлігі 30-пара бойынша бақ сынап жатыр. 3, 10-параларына 30-дай студент, ал Құранды толық жаттаған 4 хафиз қасиетті айда қасиетті Кәламды жаттаудағы біліктіліктіліктерін саралауда.
Ұйымдастыру шараларының бас-қасында жүрген Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Нұрлан Анарбаев жарыс шарттары бойынша жаттау деңгейі, тажуид ережелері мен әріп махраждарын дұрыс сақтауына жіті мән берілетінін атап өтті.
Қазылар алқасы әрбір үміткерге зер салып, нағыз жүйріктерді анықтауға бел сыбанып отыр. Іріктеуден өткен қарилар мамыр айының 10-ы күні Нұр-Мүбарак университетінде офлайн өтетін ақтық сайысқа жолдама алмақ.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
nmu.kz
28.04.2021
3380
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру