Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада мешіт жамағатына ораза анықтамалығы таратылды

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 28.04.2021 3172 0 пікір
Елордада мешіт жамағатына ораза анықтамалығы таратылды

Қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалық кітапшасы жарық көрген болатын.

Ислам бес парызының бірі – оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған кітапшаның оқырманы үшін орны бөлек болары сөзсіз.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітапшасы таратылды. Бұдан бөлек, мешітке келушілер үшін арнайы ақпарат тақтасы арқылы түрлі мәліметтер ұсынылып, басқа да тақырыптар бойынша әзірленген бүктемелер қоса ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру