Қасиетті Рамазан айында Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің дін қызметкерлері 200 балаға «Рамазан сыйлығын» табыстады.
Мешіттің бас имамы Руслан Тыныштықұлы балаларға базарлықты табыстай отырып: «Бәріңді Рамазан айымен құттықтаймын. Ата-аналарының үмітін ақтап, сабақтарынды жақсы оқыңдар. Ұстаздар мен үлкендерді сыйлаңдар», деп ақ тілегін білдірді.
Айта кетейік, «Рамазан сыйлығы» іс-шарасы ұлық айдың құдіретін, асыл дініміздің құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіріп, елжанды, иманды азаматтарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
27.04.2021
2889
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру