Көктемнің шуақты күндері келісімен өңірдегі барлық мешіттерде сенбілік өткізіліп, киелі орындардың ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылды. Оған діни қызметкерлер мен жамағаттар да атсалысты.
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты белсенділік танытып, қала көркі мен тазалығына үлес қосты. Ұйымшылдықтың арқасында маңайдың бәрі жарқырап шыға келді.
Аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев сенбілікке қатысушыларды жылы сөзімен рухтандырып, Рамазан айында тазалықтың да айрықша орын алатындығына, әрбір парасатты азамат кейінгі жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіре беру керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, мұсылман қауымының негізгі бір міндеті – қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Себебі Ислам діні мен тазалық ұғымы қашан да қатар жүреді.
«Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіндее: «Тазалық – иманның жартысы» деген. Әр мұсылман қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялауы тиіс. Себебі мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қиратушы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi екенін жадымыздан шығармайық» деді Бектұрсын Уәлиев.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
27.04.2021
2952
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру