Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Студенттерге Ихсан ілімі түсіндірілді

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 27.04.2021 2838 0 пікір
Шымкент: Студенттерге Ихсан ілімі түсіндірілді

Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжінің  бітіруші шәкірттерімен Ихсан ілімі тақырыбы және мешіттерге қызметке тарту бойынша кездесу өтті.

Игі шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» мекемесі қалалық бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, «Сарыағаш» медресе-колледжінің басшылары, ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Басқосу аясында Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Ихсан ілімі тақырыбы аясында кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ медресе кітапханасына «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» және «Рамазан энциклопеиясы» кітаптары табыс етілді.

Осыдан кейін Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге халал өнімдері туралы кеңінен түсіндірді. Шәкірттер басқосу аясында көп мәлімет алып, сұрақтарына жауап  алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру