Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мүмкіндігі шектеулі бес азаматқа сый берілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 26.04.2021 2880 0 пікір
Алматы: Мүмкіндігі шектеулі бес азаматқа сый берілді

Алматы қалалық Орталық мешітінде «Қайырымдылық жүректен» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі бес азаматқа демеушілердің көмегімен мүгедектер арбасы табысталды.  

Бұл сыйлықты табыстауға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай арнайы қатысты. Бас имам Алланың басқа салған уақытша сынағына сабыр етіп, тағдырына разы болғандарға о дүниеде мол сауап пен ұлы сыйлы күтіп тұрғанын айтып, көңілдерін аулады. Су жаңа арбаларына құтты болсын деп, игі іске мұрындық болған демеушілерге алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру