Павлодар халқына сүт өнімдерімен танымал болған «Best Milk» ЖШС «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын алды.
Павлодар облысның бас имамы Жолдас Қоспақұлы халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшыларына сертификатты табыстап:
«Халал ас – дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар – мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін» деді.
«Халал Дамудың» Павлодар облысындағы жауапты өкілі Серік Темірғалиев және маманы Какенов Қазыбек алдағы уақытта «Best Milk» сауда белгісімен шығарылатын сүт өнімдерінің (айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік, балмұздақ, йогурт т.б) халал стандарт талаптарын сақтай отырып халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
26.04.2021
3610
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру