Шымкент орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелері Рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде кездесу ұйымдастырды.
Рухани шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары, Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек пен қалалық «Әжелер мектебі», «Әйел-қыздар» секторының мүшелері қатысты.
Шара барысында наиб имам Мұхамеджан Естеміров арнайы сөз алып, Ихсан ілімі бағытының жұмысы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, «Әжелер мектебінің» жектекшісі Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған апаларымыз «Намаз үйренейік» кітабының жарыққа шығуына мұрындық болды. Кітап намаз үйренуге ниет еткен азаматтарға тегін үлестірілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
26.04.2021
3409
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру