ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Өскемен аймағында игілікті істер атқарылып жатыр. Таяуда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Көкжота ауылдық мешітінің» ауласынан құдық қазылды.
Құдықты іске асыру шарасына Көкжота ауылының ақсақалдарымен тұрғындар қатысып, ақ шашу шашып, ізгі тілек айтылды.
«Бұл құдық ауыл тұрғындарының игілігі үшін қазылды. Қасиетті Рамазан айында осы сауапты іске ат салысқан жамағатқа алғысымыз шексіз. Құдық қазу дінімізде аса сауапты істердің қатарына жатады» деп атап өтті мешіттің бас имамы.
Ауыл әкімдігі атынан ел игілігі үшін игі іс атқарған ауылдық мешітке алғыс айтты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
25.04.2021
3241
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру