Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 500 адамға ауызашар берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 25.04.2021 3318 0 пікір
Маңғыстау: 500 адамға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті 500 адамға «Ауызашар қоржынын» таратты.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының ұйытқы болуымен, мүбәрак айда ораза ұстаған 500 адамға арнайы дайындалған ыстық тамақ және сусындар салынған «Ауызашар қоржындары» үлестірілді.

«Өкінішке қарай, індеттің өршуіне байланысты, жамағаттың денсаулығын сақтау мақсатында көпшілікті жинап ауызашар бере алмаймыз. Осы орайда, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ауызашар қоржыны»  бастамасын қолдай отырып, ауыз бекіткен жандарға арнайы қоржындар таратып жатырмыз. Ізгі іске атсалысып жатқан барша азаматтарға, еріктілерге Алла разы болсын! Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын», деді Әнуар Ізімбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру