ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінен вакцина егу пункті ашылған болатын. Қасиетті Рамазан айында халықтың денсаулығы үшін жұмыс жүргізіп жатқан осы пунктке айрықша қайырымдылық жасалды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдігі мешіттегі вакцина егу пунктіне тоңазытқыш және суыту құрылғысын табыс етті.
«Вакцина егу пунктіне халық көп келіп жатыр. Бұл халық үшін аса қолайлы жағдай болды. Сондықтан вакцина пунктіне қажеті құралдар табыс етіп отырмын» деді ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Өскемен аймағындағы өкілі Берік Кәдірұлы.
Бұл пункт қасиетті Рамазан айы бойы тұрақты жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Шығыс Қазақстан облысының бас санитариялық дәрігері Қ.Тұрдиев демеушілік қызметі үшін аймақтың «Зекет және қайырымдылық» қорына алғыс айтты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
24.04.2021
2822
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру