Қасиетті Рамазан айында Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилмановтың бастамасымен Құран Кәрімнің 30 парасының шәмс сүресінен төмен жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыс өтті.
Сайыста Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Серік Мұстафин сөз алып, Рамазан айымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Орал медресеснің ұстазы Ораз Жамбылұлы, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің ұстазы Ринад Нұрланұлы, аталмыш мешіттің ұстазы Армат Қуанұлы мен Серік Мұстафин қазылық етті.
Құран сайысы жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушылығын арттырып, асыл дінімізді дәріптеп, имандылық жолын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен марапаттамалар берілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
24.04.2021
3021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру