Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 130 отбасыға ауызашар жіберілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 24.04.2021 2603 0 пікір
Маңғыстау: 130 отбасыға ауызашар жіберілді

Ақтау қалалық Бекет ата мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Мешітте 45 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылып, екі күн ішінде 130 отбасыға ауызашар жіберілді. 

«Қасиетті Рамазан – мейірімділік пен кешірім айы. Бұл айда игі істер мен қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мұқтажға қол ұшын беріп, әлсізге көмектескен жөн. Құранда бұл айдағы ізгі істердің сауабы бірнеше есе артатыны айтылған. Қазіргі карантин жағдайына байланысты мешіт тізіміндегі тұрмысы төмен жандарға күнделікті пайдалануға қажетті күріш, ұн, қант, май, шай, макарон өнімдері мен тәттілер азық-түлік таратылды» деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.

Сондай-ақ Рамазан айында Алла разылығы үшін ораза тұтып, ниет еткендерге арнап мешітте ыстық тамақ пісірілді. Нан, құрма мен тәттілер салынған ауызашарлар облыс орталығында тұратын 130 мұқтаж отбасының үйіне жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру