ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау өкілдігі «Берекелі Рамазан сыйы» жобасына үн қосты.
Игі іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы қатысып, облыстық ауруханасының 45 дәрігеріне арнайы сыйлық жасалды.
«Бұл шараны ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында жүзеге асып жатырмыз. Түрлі қауіпті індеттермен күресте алдыңғы шепте жүріп, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету – біздің міндетіміз. Алла сіздерге күш-қуат берсін!», деп Әнуар Ізімбайұлы облыстық аурухананың Жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Айберген Қайырқұлұлы бастаған дәрігерлерге ізгі тілегін білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
23.04.2021
2772
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру