Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада 1400 отбасыға «Рамазан сыйлығы» жеткізілді

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 23.04.2021 2875 0 пікір
Елордада 1400 отбасыға «Рамазан сыйлығы» жеткізілді

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазан сыйлығы» қайырымдылық шарасы өтті.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі ұйымдастырған шара аясында елордадағы 1400 мұқтаж отбасыға рамазан сыйлығы ретінде азық-түлік сөмкелері таратылды.

Сауапты шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер мен еріктілер тобы, қайырымдылық шарасына демеушілік танытқан «YDA» холдингінің қызметкерлері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылыққа жауапты қызметкерлер қатысып, әр мешіт бойынша таратылатын азық-түлік сөмкелері үлестірілді.

«Рамазан айының тағы бір қыры – қоғам арасындағы қайырымдылықты көбейтіп, жомарттық пен жақсылықтар еселене түсетін ай. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәл осы рамазан айында ерекше жомарттық танытып, қайырымдылық жасауға келгенде айрықша құлшыныспен атқаратын болған. Сол үшін рамазан айы біздер үшін қайырымдылық айы болуы тиіс.

Осы орайда қасиетті рамазан қарсаңында Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлы үндеу жариялап, мүбәрак айда Алла разылығына жетелейтін игі амалдарды көптеп атқаруға шақырған болатын. Мінекей, игі үндеуге алғаш болып үн қосқан «YDA» холдингінің демеушілігімен бүгін 1400 отбасыға қолдан келгенше Рамазан мейірін сезіндіруге тырысып отырмыз. Алла Тағала бүгінгі шарамызды қабылдыққа жазғай!» – деп ізгі тілегін жеткізді Ерболат Нұрылдаұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру