Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шебер әйел» қолөнер орталығы бітірушілеріне сертификат берілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.04.2021 2540 0 пікір
«Шебер әйел» қолөнер орталығы бітірушілеріне сертификат берілді

Қызылорда облысындағы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының үшінші легіне қатысқан шәкірттерге сертификат табысталды.

Сертификат табыстау рәсіміне Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының аймақтағы жетекшісі Ләззат Сыдықова және «Шебер әйел» қолөнер орталығында ұстаздық қызмет атқарған Перизат Ашықбаева қатысты.

Іс-шарада шәкірттер әйелдің базалық киімдерін тігу технологиясы бойынша өткен 2 айлық тігін курсында өз қолымен тіккен киім үлгілері мен жайнамаздарды көрсетіп, нәтижелерін бөлісті. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы шәкірттерді құттықтай келе орталықтың кезекті бітірушілеріне сертификат табыстады.

Айта кетейік, өкілдік жанынан Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қоры демеушілігімен «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру