Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба» мешіті Таврия ауылындағы қарттар үйіндегі қарияларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Іс-шара қасиетті Рамазан айы құрметіне орай ұйымдастырылды. Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің қызметкерлері мекемедегі қарттардың көңілін сұрап, жағдайымен танысты. Қарттарға азық-түлік және тұрмыстық заттар табыс етілді.
«Мұса баба» мешітінің имамы Зауытбек Сайлауұлы: «Асыл дініміз Исламда қарияларға көмек көрсету туралы тағылымдар өте көп. Қарттар – біздің шежірелі қазынамыз. Қарттар мекемесі – біздің басты назарымызда. Қайырымдылық көмек көрсету шарасы жүйелі түрде жасалуда» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айының маңызын түсіндірді.
Қарттар үйінің басшылығы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
22.04.2021
3114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру