Қасиетті Рамазан айы басталғалы Павлодар облысы мешіттерінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектер жасалып келеді.
15 сәуірден бастап облыс мешіттерінде бес уақыт намаз карантин талаптары бойынша тоқтатылды. Сондықтан коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығының жоғарылауына байланысты ауызашардың балама форматын ұйымдастыру қолға алынды. Осы уақытқа дейін 480 отбасыға ауызашар қоржыны таратылып, мұқтаж 5 отбасыға 5 қой зекет ретінде берілді.
Сонымен қатар Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі шәкірттеріне 1 қара малдың еті берілді.
«Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық іс-шарасын үзіксіз өткізуді жоспарлап осы бағыт бойынша жүйелі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Бұл игі іске аудан, қала мешіттері, ерікті жастар мен жамағат, жалпы дін қызметкерлері белсенді қатысуда» дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
21.04.2021
2836
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру