Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Кәсіпорынның Рамазан айындағы қайырымдылығы

ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 21.04.2021 2907 0 пікір
Көкшетау: Кәсіпорынның Рамазан айындағы қайырымдылығы

Берекелі де сауабы мол Рамазан айында Көкшетау қаласындағы «Минералды сулар» кәсіпорны Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітіне отыз күн бойы қайырымдылық негізде қолдау білдіру жөнінде бастама көтерді.

Жаны жомарт кәсіпорын басшысы Станислав Максимец күнделікті жүз құты суды мешітке тегін бермекші. Бұдан басқа ауызашарларды жылжымалы акция тұрғысында ұйымдастырылуына да ұйытқы болатынын айтты. Мәселен, Оразаның алғашқы күні жүз адамға палау пісіріп, таратқан болатын. Алдағы күндері де мешітпен бірлесе басқа да қайырымдылық шараларын жалғастырмақ.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит кәсіпорын басшысына ризашылығын білдіре келіп, биылғы пандемия кезінде Ораза айын тағылымды өткізуге үлес қосамын деген адамдарға есік ашық екенін айтты. Ауызашар астарын үйді-үйге тарату да – ізгіліктің бір көрінісі екенін тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру