Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Рамазанға орай бейнебайқау өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 21.04.2021 3296 0 пікір
Семей: Рамазанға орай бейнебайқау өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан 2021» атты бейнебайқау жариялаған болатын.

«Тәрбие – тал бесіктен» дейді халық даналығы. Баларымыздың иманды, ұлағатты болып өсуі үйден алған өнегеге байланысты. Балаға дінді үйреткенде оған жақын тәсілмен үйретсек, бала есінде өшпестей болып сақталады. Осы жерде асыл дініміздегі қасиетті мерекелер – таптырмас мүмкіндік. Соған орай ұйымдастырылған байқау шарты балалармен бірігіп мерекеге үйді безендіру еді» дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға Семей, Абай және Жезкенттен барлығы 14 отбасы қатысты. Сыйлық ретінде балалар Қос мұнаралы мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы мен Әйел қыздар секторының меңгерушісі Тұлықожанова Динара ұстаздың қолынан Қасиетті Құранды және Алланың көркем есімдерін, намаз дұғалары үйрететін қуыршақ пен ойыншық автокөлік алды.

Байқау қорытындысында наиб имам Ерлан Досымұлы мен Динара ұстаз аналар мен балаларға уағыз жүргізіп, ойыншықтағы сүрелер мен дұғаларды жаттауға тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру